Хоккей

«Барыс» қорғаушылары жанжалдасып қалды (видео)

«Барыс» қорғаушылары жанжалдасып қалды (видео)
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» командасы Уфаға жол жүрер алдында жаттығу өткізіп, дайындық кезінде клуб қорғаушылары Джесси Блэкер мен Никита Клещенко арасында төбелес басталды, деп хабарлайды Prosports.kz Sport-express.ru-ға сілтеме жасап.

«Арена Бреда» Telegram каналының хабарлауынша, канадалық ойыншысының жағы сынған. Екі ойыншы да жолға шыққан жоқ: Блэкер - жарақатына байланысты, Клещенко - тәртіптік себептермен.

«SE» хабарлауынша, команда екі топқа бөлініп алған - солтүстікамерикалықтар және орыс тілді қазақстандықтар.

29 жастағы Блэкер «Барыс» сапында 2018/19 маусымынан бері ойнап келеді.

23 жастағы Клещенко «Барыс» сапында және ҚХЛ-да өткен маусымда дебют жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер