Еркін күрес

Қазақстан чемпионаты: Финалға шыққандар анықталды

Қазақстан чемпионаты: Финалға шыққандар анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен 65, 70 және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақтық финалға жолдама алғандар есімі белгілі болды.

Алматыдан күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде кілемге еркін күрес шеберлері шықты. 65, 70 және 97 келідегі салмақ дәрежесі бойынша іріктеу кезеңінен іркілмей өткен балуандар ақтық финалға жолдама алды.

65 келіде финалда Қызылорда облысының балуаны Дәулет Ниязбеков пен қарағандылық Әділ Оспанов белдеседі.

70 келде шымкенттік Нұржан Сейтжан мен Атырау облысының өкілі Талғат Сырбаз ел чемпионы атағын сарапқа салса, 97 келіде Жамбыл облысының өкілі Әлішер Ерғали мен қарағандылық Серік Бахытханов алтын жүлде үшін белдеседі.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер