Еркін күрес

Адлан Асқаров: Жеңіске жететініме күмәнданған жоқпын

Адлан Асқаров: Жеңіске жететініме күмәнданған жоқпын
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда күрес түрлерінен Қазақстанч чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың алғашқы күнінде еркін күрес шеберлері арасында үздіктер анықталды. 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанған Адлан Асқаров жарыстан кейін Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, әсерімен бөлісті.

"Ел біріншілігі барысында барлығы бес белдесу өткіздім. Жартылай финалда Расул Қалиевпен кездесіп, жеңіске жеттім.

Осы белдесу, осы салмақта өте мықты бәсекелестік танытқаны үшін оған алғыс айтамын. Мен кішкентай кезімнен Расулдің күресін көріп, соған бой түзеп келе жатырмын. Кішкентай кезімде ол Азия чемпионы атанғанда жаттықтырушым оның өте мықты балуан екенін айтып, оның күрескенін, күресін көресетуге залға алып келетін. Расулге қарап бой түзеп, өстім десем де болады. Осы Қазақстан чемпионатында ел үздіктері саналатын Нұрислам Санаев және Расул Қалиевпен кездескім келіп, дайындалдым. Олар қазірде өте мықты балуандар. Ұлттық құрамада аталған спортшыларға қарап бой түзеп келе жатырмын.

Жалпы, Қазақстан чемпионатына осал балуандар қатыспайды. Мен үшін кіл мықтылар арасында финалдық бәсеке қиын әрі тартысты өтті. Жауапты сәтте қобалжымай, чемпион атанғаныма қуаныштымын. Айта кетерлігі, Қазақстан чемпионатына тек қана алтыннан басқа жүлде алатыныма күмәнданған жоқпын.

Мен осы Қазақстан чемпионатында жаңа салмақта белдестім. Айтап айтқанда, осы уақытқа дейін 57 келіде бозкілемге шығатынмын. Ол Олимпиадалық салмақ еді. Мен оған қайтып оралмаймын. Қазір жасым небәрі жиырмада. Осымен күрес тоқтап қалмайды. Әрі қарай дайындалып, жоғары Олимпиадалық салмақтарды байқап көруім мүмкін", - дейді Қазақстан чемпионы Адлас Асқаров.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер