Әлем футболы

Ансу Фати мен каталониялық клуб арасына сызат түсті

Ансу Фати мен каталониялық клуб арасына сызат түсті
news-banner7
mobile-news-top

«Барселонаның» болашақ жұлдызы саналатын Ансу Фати мен клуб басшылығы арасына сызат түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәселе ойыншының командамен келісімшартына қатысты болып отыр. Mundo Deportivo басылымының хабарлауынша, футболшының өкілдері келісім 2022 жылдың маусымына дейін жарамды деп талап етеді.

Клуб өз кезегінде 2022 жылы келісімшарттың аяқталатынын айтады, бірақ екі маусымға автоматты түрде ұзартуға мүмкіндік бар.

Дау-дамайлар ФИФА ережелерінің 18-жасқа толмаған ойыншылар үш жылдан артық келісімшарт жасай алмайтыны туралы баптың әртүрлі түсіндірілуіне байланысты туындады. Құжаттарға қол қою кезінде Фати 17-де болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер