Еркін күрес

Қазақстан чемпионаты: Санаев бірінші белдесуінде жеңілді

Қазақстан чемпионаты: Санаев бірінші белдесуінде жеңілді
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 19 қарашада Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі басталды, деп жазады Prosports.kz.

Алғаш болып боз кілемге еркін күрес шеберлері шықты.

61 келіге жейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері Нұрислам Санаев алғашқы айналымда сүрінді. Жарысты 1/8 финалдан бастаған Санаев алғашқы белдесуінде шығыс қазақстандық балуан Мұхтар Сейітовтен жеңілді (таза жеңіс).

Айта кетейік, бүгін еркін күрестен 57, 61 және 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесулер өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер