Чемпиондар лигасы: Қазақстандық ойыншының командасы жарыс жолынан шығып қалды

Чемпиондар лигасы: Қазақстандық ойыншының командасы жарыс жолынан шығып қалды
news-banner7
mobile-news-top

Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде мәскеулік ЦСКА Австрияның «Санкт-Пельтен» командасымен кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Матч 1:0 есебімен австриялық команданың пайдасына шешілді.

Бұл ойында Қазақстан қыздар құрамасының қорғаушысы Юлия Мясникова негізгі құрамда алаңға шығып, 90 минут толық өнер көрсетті.

«Санкт-Пельтен» (Австрия) – ЦСКА (Москва, Ресей) 1:0 (0:0)

Гол соққан: 1:0 – Эдер (60, пен)

Айта кетейік, Мясникова ЦСКА-ға 2019 жылы сәуір айында ауысқан. Бір мәрте Ресей чемпионы атанды. Бұған дейін Қарағанды ​​футболының түлегі «БИІК-Қазығұрт» сапында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер