Ауыр атлетика

Айсамал Сансызбаева әлем кубогының ең үздік спортшысы атанды

Айсамал Сансызбаева әлем кубогының ең үздік спортшысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) бір күн бұрын аяқталған жастар арасындағы әлем кубогының үздік спортшыларын атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

81 келіден жоғары салмақта алтын медаль жеңіп алған қазақстандық Айсамал Сансызбаева ең үздік спортшы қыз атанды. Қос сайыстың қорытындысы бойынша оның нәтижесі 244 келі болды.

Ал ерлер арасында 73 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған индонезиялық Джуниансья Ризки үздік деп танылды. Оның нәтижесі (325 келі) жастар арасында бейресми әлемдік рекорд болды.

Айта кетейік, онлайн режимінде өткен 2020 жылғы жастар арасындағы әлем кубогында Қазақстан құрамасы үш алтын және екі қола медаль жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер