Голубев пен Недовесов Орландодағы турнирдің жартылай финалына шықты
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызҚазақстандық теннисшілер Александр Недовесов пен Андрей Голубев Орландода (АҚШ) өткен Challenger сериясы турнирінің ширек финалында жұптық сайыста жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Недовесов пен Голубев Д.Попко (Қазақстан) / П.Полански (Канада) жұбын 2:6, 6:4, 10:5 есебімен жеңді.
Қазақстандық теннисшілердің келесі қарсыластары Д.Галан (Колумбия) / К.Гаррисон (АҚШ) - Ф.Ребуль (Франция) / С.Думбия (Франция) кездесуінің жеңімпаздары болады.