Хоккей

ҚХЛ: «Барыс» «Авангардтан» жеңіліп қалды

ҚХЛ: «Барыс» «Авангардтан» жеңіліп қалды
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасын қабылдады.

Бұл ойында елордалық клуб 2:5 есебімен қарсыласына есе жіберді. Бірінші кезеңде «Авангард» сапынан Денис Зернов 4, Наиль Якупов 8-минутта екі шайба соғып кетті. Оған «Барыс» хоккейшісі Якоб Лилья 11-минутта бір голмен жауап қайырды. Одан кейін ресейлік Алексей Емелин 16-минутта мергендік танытты.

Ойынның 38-минутында «Авангард» сапынан Кирилл Семёнов есепті үстемелей түсті. Ал 45-минутта елордалық Дмитрий Гурков есеп айырмасын қысқартты. Қорытынды есепті 53-минутта ресейлік хоккейші Денич Зернов белгіледі.

Осылайша «Барыс» қарсыласына есе жіберді. Бұл - «Барыстың» қатарынан үшінші жеңілісі. Енді елордалық клуб 22 қарашада Ресейде Уфаның «Салават Юлаев» командасымен кездеседі.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер