ММА

Инсайдер: Арман Оспанов әлі UFC-мен келісімшартқа отырмады

Инсайдер: Арман Оспанов әлі UFC-мен келісімшартқа отырмады
news-banner7
mobile-news-top

ТАСС агенттігінің журналисі Игорь Лазорин қазақстандық файтер Арман Оспановтың әлі UFC-мен келісімшартқа отырмағанын хабарлады.

«Арман Оспанов әлі UFC-мен келісімшатқа отырған жоқ. Әлі келіссөз жүріп жатыр», – деп жазды Игорь Лазорин Instagram-парақшасында.

Бұған дейін Arlan MMA Pro Team командасының басшысы қызметіне тағайындалған Дархан Бәкенов Арман Оспановтың UFC-мен келісімшартқа отыруға жақын екенін айтқан.

«Арман UFC-мен келісімшартқа отырды. Жақын уақытта жекпе-жек өткізеді. Қазір ол Америкада жұмыс визасын күтіп отыр», – деді Дархан Бәкенов баспасөз мәслихатында.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер