Ауыр атлетика

Қазақстандық зілтеміршілер Әлем кубогында тағы екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық зілтеміршілер Әлем кубогында тағы екі медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Перудің Лима қаласында Перу ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен онлайн әлем кубогы өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта қазақстандық спортшы үздік танылды. Айсамал Сансызбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 244 келіні бағындырып, Қазақстан қоржынына кезекті алтынды салды.

Жастар арасында алғашқы жарысына қатысқан тағы бір қазақстандық Жанәли Тұяқов үшінші орыннан көрінді. Ол ерлер арасында 102 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, қоссайыс нәтижесі бойынша 319 (140+179) келіні көтерді.

Осылайша, Қазақстан қоржыны тағы бір алтын, бір қола жүлдемен толықты. Осыған дейін Абылай Әуелханов пен Рахат Бекболат алтын алса, Гүлнұр Ыбырай қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер