Ауыр атлетика

Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан әлем кубогының жеңімпазы атанды

Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан әлем кубогының жеңімпазы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Айсамал Сансызбаева ауыр атлетикадан онлайн әлем кубогының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Перудің Лима қаласында Перу ауыр атлетика федерациясының ұйымдастыруымен онлайн әлем кубогы өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күнінде қыздар арасында 81 келіден жоғары салмақта қазақстандық спортшы үздік танылды. Айсамал Сансызбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 244 келіні бағындырып, Қазақстан қоржынына кезекті алтынды салды. Жастар арасында алғашқы жарысына қатысқан тағы бір қазақстандық Жанәли Тұяқов үшінші орыннан көрінді. Ол ұлдар арасында 102 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынап, қоссайыс нәтижесі бойынша 319 (140+179) келіні көтерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер