Велоспорт

Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары «Астана – Premier Tech» сапына ауысты

Жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпаздары «Астана – Premier Tech» сапына ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Әлемдік турда Қазақстан мен Канада намысын қорғайтын «Астана – Premier Tech» велокомандасы қазақстандық екі жас спортшыны қатарға қосты. Евгений Федоров пен Глеб Брусенски жаңа маусымда клуб сапында бақ сынайды.

Сондай-ақ, тағы да алты қазақтандық велошабандозбен келісімшарт ұзартылды. Олар: Евгений Гидич, Дмитрий Груздев, Юрий Натаров, Вадим Пронский, Никита Стальнов және Артем Захаров. Әзірге, Федоров пен Брусенски біркүндік классикалық жарыстарға қатыса алады. Олардың келісімшарты алдағы екі жылға жарамды.

«Мұндай команданың қатарына ену үлкен арманым болатын. Қазақстандық команда басшылығынан маған осындай ұсыныс түскені қуантады. Бірден келісім бердім. «Астана – Premier Tech» сапында Әлемдік турға қатысудан асқан бақыт бар ма? Соңғы маусым вирус салдарына қарамастан жақсы өтті. Бірнеше рет жеңіске жетудің сәті түсті. Әрине, алғашында Әлемдік турдың оңай болмайтынын түсінемін. Бой үйретуге, біраз тәжірибе жинақтауға тура келеді. Мен бұған дайынмын, өзімді кәсіби деңгейде көрсететін кез келді», - дейді Евгений Федоров.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер