Күрес

Жамиля Бақбергенова: Қарсылас таңдамай, кез келген балуанмен белдесуге бармын

news-banner7
mobile-news-top

19 қараша күні Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады. Әйелдер күресінен команда мүшесі Жамиля Бақбергенова Olympic.kz сайтына жарыс алдындағы дайындығымен бөлісті.

– Ұзақ уақыт жарысқа қатыспағанымыз болмаса, жаттығуымызды бір сәтке де тоқтатқан жоқпыз. Карантин болған кезде де жаттығуды жалғастырып, далада, таза ауада, тауда дайындығымызды пысықтадық. Оның қаншалықты нәтижелі болатынын ертең жарыста байқаймыз.

Қазақстан чемпионаты біздің көптен күткен әрі жылдың ең маңызды додасы болғандықтан барлық балуандар ерекше дайындықпен келеді деп ойламын. Бозкілемде қарсыласты таңдамаймыз ғой, кез келген балуанмен белдесуге бармын, - дейді Жамиля Бақбергенова.

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Қазақстан біріншілігі 19-26 қараша күндері Алматыда "Достық" спорт кешенінде өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер