Күрес

Норвегияда Олимпиадаға кірмеген салмақ дәрежелерінде әлем чемпионаты өтеді

Норвегияда Олимпиадаға кірмеген салмақ дәрежелерінде әлем чемпионаты өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен дүниежүзілік күрес (UWW) ұйымы Токио Олимпиадасынан кейін өтетін жарыстардың күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz unitedworldwrestling.org сайтына сілтеме жасап.

Күнтізбеге сәйкес Олимпиадаға жатпайтын салмақ дәрежелеріндегі әлем чемпионаты Олимпиада ойындарынан кейін бірден Норвегияда өтеді. Сонымен қатар, 2021 жылы тамызда Уфа қаласында (Ресей) жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

Олимпиадаға дейінгі ересектер арасындағы күрестегі лицензиялық турнирлерге келетін болсақ, UWW дәстүрлі әлем чемпионатын өткізбей, оның орнына әлем кубогын өткізуге шешім қабылдады. Бұл шешімді қабылдауға көптеген елдердің чемпионатқа қатысудан бас тартуы түрткі болды.

Күрес түрлерінен соңғы ауқымды лицензиялық әлем чемпионаты өткен жылы Нұр-Сұлтанда өткен.

Айта кету керек, 2021 жылдың 16-21 ақпан аралығында күрестің үш түрінен Азия чемпионаты Алматыда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер