Басқа

Жапония премьер-министрі мен ХОК басшысы Олимпиадаға қатысты шешім қабылдады

Жапония премьер-министрі мен ХОК басшысы Олимпиадаға қатысты шешім қабылдады
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Жапонияға екі күндік сапары кезінде жаңа премьер-министр Ёсихидэ Сугамен кездесті, сондай-ақ Жапония үкіметінің бұрынғы басшысы Синдзо Абэге Олимпиада орденін тапсырды, деп жазады Prosports.kz.

Kyodo News басылымының хабарлауынша, кездесу қорытындысы бойынша тараптар келесі жазда Олимпиада ойындарын өткізуге ниетті екендерін растады.

«Бұл кездесуде біз келесі жазда Жапонияда Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге деген ниет пен сенімге толы екендігіміз туралы толық келісімге келдік», - деді Бах.

Ол ХОК ойыншылардың және қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық жағдайды жасайтынын айтты. Сондай-ақ жиналғандар мен спортшыларға вакциналар беруге қосымша күш салуға уәде берді. Бұл жағдайда Олимпиада комитеті COVID-19 вакцинациясының кейбір шығындарын мойнына алуы мүмкін екенін айтты.

Ал Жапония премьер-министрі Суга өз кезегінде жазғы ойындарды «адамзат вирусты жеңгенінің дәлелі» ретінде өткізуге бел буғанын жеткізді.

Сонымен қатар, Жапония шетелдік спортшылар мен делегация мүшелерін келгеннен кейін міндетті карантиннен босатуды жоспарлап отыр. Жарысқа көрермендердің келу мәселесі туралы Жапония билігі келесі көктемде соңғы шешімді қабылдайды.

«Коммерсантъ» басылымы Томас Бахтың бұл сапарының басты мақсаты жапон халқына Олимпиадаға ауқымды пандемияның қауіп төндірмегенін көрсету үшін болуы мүмкін деп жазды (қазір Жапонияда инфекцияның 116 мыңнан аса жағдайы тіркелген - әлемде 51-орын тұр). Сауалнамалар көрсеткендей, жергілікті тұрғындардың көпшілігі Ойындарды кейінге қалдыру немесе мүлдем тоқтату керек деп санайды (бұған дейін ХОК егер Токио Олимпиадасы 2021 жылы өтпейтін болса, онда ешқашан өтпейтінін айтқан).

Айта кетейік, 2021 жылға ауыстырылған Олимпиада ойындары 23 шілде мен 8 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді. Кейінге қалдырылғанына қарамастан, олар «Токио-2020» атауын сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер