Басқа

Елизавета Пушкарева: Шымкенттегі ел біріншілігіне келудің өзі оңай болған жоқ

Елизавета Пушкарева: Шымкенттегі ел біріншілігіне келудің өзі оңай болған жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Шымкентте нысана көздеуден Қазақстан чемпионаты жалғасуда. Пневматикалық винтовкамен жаттығуда әйелдер арасындағы бәсекенің жеңімпазы Елизавета Пушкарева Olympic.kz сайтына шағын сұхбат беріп, жарысты қорытындылады.

«Шынымды айтсам, ғаламдық пандемия салдарынан жарысқа дайындалу қиынға соқты. Әсіресе, жаз айларында біраз қиналдық. Өйткені, барлық жаттығу залдары жабылып, тек үй жағдайында дайындалуға рұқсат етілді.

Десе де, жыл соңына қарай Шымкентте ел чемпионатының өткені біз үшін үлкен қуаныш. Өйткені, бірнеше айдан бері жарысқа қатыспадық.

Біраз уақыттан бері жарыс атмосферасын да сезінбедік. Ел чемпионатына келудің өзі оңай болған жоқ. Мен тұратын Павлодар қаласы қазір індетке байланысты қызыл аймаққа енген. Сол себепті, бұл жеңістің орны маған бөлек.

Бапкеріммен бірге жоспар құрып, Қазақстан біріншілігінде жеңіске жетіп отырмыз. Енді алдағы уақытта осы дәстүрді жалғастырып, жоғары орындардан көрінгім келеді», - дейді Пушкарева.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер