Еркін күрес

Нұрғожа Қайпанов: Қазақстан чемпионатында жаңа салмақта бақ сынаймын

Нұрғожа Қайпанов: Қазақстан чемпионатында жаңа салмақта бақ сынаймын
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Алматыда өтетін Қазақстан чемпионатына әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Нұрғожа Қайпанов та қатысады. Бұған дейін 70 келіде бақ сынаған ол енді 74 келіге ауысты деп жазады Olympic.kz.

«Алматыдағы ел чемпионаты басталатын күнді асыға күтіп жүрміз. Өйткені, біраз уақыттан бері бозкілемге шықпай, індетке байланысты үйде отырдық. Бұл біріншілікте мен бұрынғыдай 70 келіде емес, 74 келіде сынға түсемін. Былтырғы маусым аяқталар тұста олимпиадалық салмақ дәрежесіне ауысқан болатынмын.

Чемпионаттағы басты қарсыластарым – Данияр Қайсанов пен Нұрлан Бекжанов. Екеуі де өте тәжірибелі балуандар. Алда әлем кубогі өтетіні белгілі болды. Егер біздің командаға қатысуға рұқсат етсе, бәріміздің де дайын екенімізді айтқым келеді. Айтпақшы, жақында отау құрғанымды жанкүйерлер жақсы біледі. Бұл чемпионатқа жұбайым Марина Седнева да қатысуы мүмкін. Әзірге, нақты емес», - дейді Қайпанов.

Айта кетелік, Нұрғожа Қайпанов еркін күрестен 2019 жылғы Азия чемпионы әрі әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер