Командалық

Волейбол федерациясының бас хатшысы: Алдымен Федерацияда бірнәрсе сатылатынын дәлелдесін

Волейбол федерациясының бас хатшысы: Алдымен Федерацияда бірнәрсе сатылатынын дәлелдесін
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев «Жетісу» клубының ойыншысы Алеся Сафронованың сөзіне жауап берді.

«Алдымен ол Федерацияда бірнәрсе сатылатынын дәлелдесін. Оның дәлелі бар ма? Бұл негізі сотта қаралатын жағдай. Бізде ең әділ төрешілер. Біздің арбитрлардың әлемде рейтингі жоғары. Қандай жағдай болмасын адам өзін қадағалап, айтқан сөзіне жауап беруі керек!», - деп келтіреді федерация өкілінің сөзін КТК арнасы.

Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының аясында өткен «Жетісу» – «Алтай» матчы кезінде волейболшы Алеся Сафронова QazSport арнасының тікелей эфирінде «Қазақстанда бәрі сатылады. Федерацияда» деп айтқан еді. Артынша төрешілер алқасы волейболшыны жарыс соңына дейін шеттетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер