Грек-рим күресі

Тамерлан Шадукаев: Ұзақ үзілістің бізге әсер еткенін бозкілем көрсетеді

Тамерлан Шадукаев: Ұзақ үзілістің бізге әсер еткенін бозкілем көрсетеді
news-banner7
mobile-news-top

19 қараша Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталады. Қазіргі таңда еркін және грек-рим күресінен ұлттық құрама мүшелері оқу-жаттығу жиындарына қатысып, дайындықтарын пысықтауда. Өз кезегінде грек-рим күресінен 77 келі салмақта сынға түсетін қостанайлық Тамерлан Шадукаев ел біріншілігіне дайындығы туралы Olympic.kz сайтына айтып берді.

"Жаттығу жиыны бізде қыркүйек айынан бастап өткізіліп жатыр. Ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жаттығу жиыны Ақмола облысында өтті, одан кейін Алматы облысындағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында жалғастырып жатырмыз.

Осыған дейін жаттығу жиының мақсаты - әлем біріншілігіне дайындалу болатын. Қазір, өздеріңіз білетіндей, әлем чемпионаты өткізілмейтін болды. Сондықтан, дәл осы қалыппен Қазақстан біріншілігіне қатысамыз.

Қазақстан чемпионатына дайындық өте жақсы өтуде. Дамылсыз жаттығып, спорттық формамызды жақсартуға барымызды салудамыз", - дейді балуан.

Сондай-ақ, Тамерлан Шадукев өз салмағындағы қарсыластарына да тоқталды.

"Менің салмағымда әрдайым бәсекелестік өте жоғары болған. Әлем біріншілігінің жүлдегерлері мен Азия чемпиондары, Азия чемпионатының жүлдегерлері сынды әлемдік аренада ел намысын абыроймен қорғап жүрген мықты балуандар бар. Әр қарсыласқа өте жауапкершілікпен қараймын.

Әрине, бізде үзіліс өте ұзақ болды. Күрес әлемінде жарыссыз мұнша көп уақыт жүрген кезіміз болған жоқ. Жарссыз жүрдік демесек, спорттық қалпымызды жоғалтпауға тырыстық. Ұзақ үзілістің бізге қалай әсер еткенін бозкілем көрсетеді".

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер