Әлем футболы

Рамос «Реалдан» кетеді

Рамос «Реалдан» кетеді
news-banner7
mobile-news-top

«Реал Мадрид» футбол клубының капитаны Серхио Рамос мансабын Францияда жалғастыруы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Мадридтік клуб Рамоспен жаңа келісімшарт жасауға ниетті. Бірақ келесі жылы наурызда 35 жасқа толатын қорғаушыға тек 1 жылға жарамды келісімшарт ұсынғысы келеді. Ал Рамос 3 жылдық келісімшарт сұрап отыр. Оның үстіне қос тарап жалақы тұрғысынан да келісе алған жоқ. Ойыншының сұрған жалақысын клуб бере алмайтын секілді.

Осы орайда франциялық ПСЖ футбол клубы тәжірибелі қорғаушыны қатарға қосуға ниетті. Олар Испания құрамасының капитанына 3 жылға жарамды келісімшарт ұсынды. Әрі жылына 20 млн еуро төлеуге дайын екенін жеткізді.

Айта кетейік, Рамостың «Реалмен» келісімшары 2021 жылы жазда аяқталады. Сол себебті ол келісімшарттың аяқталуына алты ай қалғанда өзге клубтармен келіссөз жүргізуге құқылы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер