Әлем футболы

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы мансабын аяқтады

«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы мансабын аяқтады
news-banner7
mobile-news-top

Аргентиналық «Эстудиантес» футбол клубының жартылай қорғаушысы Хавьер Маскерано мансабын аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы 36 жастағы аргентиналық ойыншы өзі мәлімдеді.

Маскерано мансабында «Ривер Плейт», «Коринтианс», «Вест Хэм», «Ливерпуль», «Барселона», «Хэбэй Чайна Форчун», «Эстудиантес» секілді клубтарда өнер көрсеткен. Сондай-ақ, Аргентина құрамасының намысын қорғаған.

«Барселона» сапында ол екі рет Чемпиондар лигасын, УЕФА Суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды, бес рет Испания чемпионы атанды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер