Басқа

Сергей Вертянкин: Жаңа маусым ақпанда Әлем кубогымен басталады

Сергей Вертянкин: Жаңа маусым ақпанда Әлем кубогымен басталады
news-banner7
mobile-news-top

Батутты гимнастикадан Қазақстан құрамасы быилғы маусымның қорытынды жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Құраманың бас бапкері Сергей Вертянкин ұзақ үзілістен кейінгі оқу жаттығу жиынының мақсатымен бөлісіп, жаңа маусымның қашан басталатын Olympic.kz сайтына айтты.

"9 қарашадан бастап Алматы облысында батутты гимнастикадан жылдың қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Жаттығу жиынына Өскемен, Шымкент, Қарағанды қалаларынан барлығы 4 спортшы қатысты. Жиын мақсаты спортшылардың жалпы физикалық дайындығын жақсарту болатын. Сонымен қатар, жоспар бойынша атлеттерді толық медициналық бақылаудан өткіздік.

Бұл 2020 жылғы маусымның қорытынды жаттығу жиыны болды. Сондай-ақ, биыл жарыс та болмайды. Аталған жаттығу жиынынан соң спортшылар 2021 жылғы жаңа маусымға дайындықты бастайды. Жаңа маусым ақпан айында әлем кубогінен басталады.

Жаттығу жиыны 30 қарашаға дейін жалғасады. Тау бөктерінде орналасқан спорт базасында жиналған энергия 2021 жылғы маусымды оң бастауға септігін тигізеді деп үміттенемін", - дейді бас бапкер Сергей Вертиянкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер