Әлем футболы

«Астана» жартылай қорғаушысы Армения құрамасының қонақта жеңіске жетуіне көмектесті

«Астана» жартылай қорғаушысы Армения құрамасының қонақта жеңіске жетуіне көмектесті
news-banner7
mobile-news-top

Армения құрамасы Ұлттар лигасының сырт алаңдағы кездесуінде Грузияны 2:1 есебімен жеңді. Бұл ойында «Астананың» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян екі нәтижелі пас берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

33-минутта Барсегянның пасынан кейін Геворг Газарян гол соқты, ал 86 минутта ол Саркис Адамянның гол соғуына көмектесті.

Алаң иелері сапында 65-минутта Вако пенальтиден гол соқты.

Барсегян өз елінің ұлттық құрамасы үшін соңғы үш матчта төрт нәтижелі пас бергенін айта кеткен жөн.

Бес турдың қорытындысы бойынша Армения құрамасы 8 ұпай жинап, «С» дивизионының екінші тобында екінші орында келеді. Алты ұпаймен Грузия квартеттің үшінші орнында тұр, топтың көшбасшысы - Солтүстік Македония (9). Турнир кестесінің соңында Эстония (2) тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер