Әлем футболы

Беларусь құрамасы Қазақстаннан 6 ұпайға озып кетті

Беларусь құрамасы Қазақстаннан 6 ұпайға озып кетті
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Ұлттар лигасының 5-туры аясында Қазақстан құрамасымен бір топта өнер көрсететін Беларусь пен Литва кездесті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл ойында 2:0 есебімен Беларусь футболшылары жеңіске жетті.

Осылайша, Беларусь құрамасы бес ойыннан кейін 10 ұпай жинап, С лигасының төртінші тобында көш бастады.

Ал еншісінде 4 ұпайы ғана бар Қазақстан құрамасы В лигасына жолдама алудан күдер үзді. Ендігі мақсат топта соңғы орын алып, Д лигасына түсіп қалмау.

Беларусь – Литва – 2:0

Гол соққандар: Яблонский 5, Эбонг 20

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер