Басқа

Тоғызқұмалақтан Қазақстан кубогы өтті

Тоғызқұмалақтан Қазақстан кубогы өтті
news-banner7
mobile-news-top

Ақтөбе қаласында тоғызқұмалақтан Қазақстан кубогы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тоғызқұмалақтан БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімовтің айтуынша, 10-15 қараша аралығында өткен жарысқа еліміздің он облысынан 76 спортшы қатысып, бақ сынады.

Соның ішінде 11-і халықаралық дәрежедегі спорт шебері болса, 20-сы – спорт шебері, 43-і – спорт шеберлігіне үміткер.

Сайыс қорытындысында командалық есепте Ақтөбе облысының құрамасы бірінші, павлодарлықтар екінші орынға ие болды. Батысқазақстандықтар үздік үштікті түйіндеді.

«Жекелей есепте де батысқазақстандықтар жақсы нәтиже көрсетті. Ұлдар арасында бірінші тақта бойынша Әсет Қайыржанов екінші, үшінші тақтада Дархан Әнуарбеков бірінші орынға көтерілді. Ал қыздар арасында төртінші тақтада Ализа Ерниязова бірінші, Аида Карина үшінші орыннан көрінді. Дархан Әнуарбеков пен Ализа Ерниязова Қазақстан Республикасының спорт шебері атағының нормативін орындады», деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Әбдікәрімов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер