русский язык

Асхат Тағыберген: Албанияның да кадрлық проблемасы бар

Асхат Тағыберген: Албанияның да кадрлық проблемасы бар
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген Ұлттар лигасындағы 15 қараша күні Тиранада Албанияға қарсы өтетін ойын алдындағы команданың көңіл-күйі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Албания - мықты қарсылас, олардың ойыншылары Италия мен Германия чемпионаттарында ойнайды. Мен олардың «Наполи» командасында ойнайтын капитаны Элсейд Хюсайды ерекше атап өткім келеді. Бірақ ойыншылар қанша мықты болса да, алаңда бәріміз теңбіз. Біз Албанияны құрметтейміз, бірақ қорықпаймыз. Оларда да біз сияқты кадрлық проблемалар бар. Біздің сегіз негізгі ойыншымыз жоқ, олардың ішінде капитанымыз Бауыржан Исламхан да бар. Бірақ менің ойымша, оларды алмастыруға қауқарлы басқа ойыншылар бар, бәрі ел намысын қорғауға дайын », - деді футболшы ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еске сала кетелік, Албания мен Қазақстан құрамалары арасындағы матч 15 қараша күні түнде, Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;