Грек-рим күресі

Жадраев: Чемпионатқа дайындық деңгейі өте жоғары

Жадраев: Чемпионатқа дайындық деңгейі өте жоғары
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Демеу Жадраев ҰОК-қа ел чемпионатына дайындық туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Біздің оқу-жаттығу жиыны жоспарға сәйкес өтіп жатыр. Жаттығу деңгейі мен қарқыны күн сайын артып келеді. Қазақстан чемпионаты ең алдымен ұлттық чемпионат болғандықтан, жауапкершілік өте үлкен. Турнирге жақсы дайындалған барлық мықты спортшы бір бозкілем үстіне жиналады.

Әрине, карантин бәрімізге де әсер етті. Біз бұрыннан үйреніп қалған режимнен алыстап кеттік. Үйде, демалыста, отбасымызбен бірге, әрине, өзімізді сергек ұстау үшін көп жұмыс істеу керек. Бұл әдеттегіден қарағанда қиынға соқты, бірақ біз форманы жоғалтпауға тырыстық.

Алайда, мен мұндай режимнің түптің түбінде чемпионатқа өте жағымсыз әсер етеді деп ойламаймын», - деді Жадраев.

Еске сала кетелік, күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты 19-26 қараша аралығында Алматы қаласында өтеді.

Фото: ҰОК.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер