Әлем футболы

«Манчестер Сити» Рамос пен Мессиді командаға тартпақ

«Манчестер Сити» Рамос пен Мессиді командаға тартпақ
news-banner7
mobile-news-top

«Манчестер Сити» «Реал» қорғаушысы Серхио Рамос пен «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессиді команда сапына қосқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл ақпаратты ESPN Аrgentina таратты.

Басылымның хабарлауынша, ағылшын клубы 2021 жылдың жазында еркін агент атанатын екі ойыншыға да ұсыныстар дайындап отыр. Осылайша, «қалалықтар» Месси мен Рамосты тегін алғылары келеді. ПСЖ да ойыншыларға қызығушылық танытып отыр.

Айта кету керек, «Реал» мен «Барселона» лидерлерін сақтап қалу үмітінен әлі бас тартқан жоқ және оларға жаңа келісімшарттар ұсынып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер