Грек-рим күресі

Демеу Жадыраев: Ел біріншілігінің жауапкершілігі үлкен

Демеу Жадыраев: Ел біріншілігінің жауапкершілігі үлкен
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының спортшылары ел біріншілігіне қызу дайындық жүргізіп жатыр. Алматы облысында шеберлігін шыңдап жатқан балуан Демеу Жадыраев Olympic.kz сайтына ұзақ үзілістен кейінгі жаттығуы туралы айтып берді. Сондай-ақ, спортшы Қазақстан чемпионаты туралы да ойымен бөлісті.

"Оқу-жаттығу жиындары жоспар бойынша сәтті өтіп жатыр. Дайындығымыз да күн сайын артуда. Қазақстан чемпионаты өз еліміздің біріншілігі болғандықтан жауапкершілік өте үлкен.

Жарысқа тас-түйін дайындалған мықты спортшылардың бәрі ертең бір бозкілемге жиналады.

Карантин бәрімізге әсер етті. Ұзақ уақыт үйренген режимімізден босап қалдық. Үйде, демалғанда, отбасының жанында, әрине, форманы сақтау үшін аянбай жұмыс істеу керек. Әдеттегіден қиын болды, бірақ соған қарамастан босамауға тырыстық. Карантиндегі мұндай режим ертең ел біріншілігінде кері әсерін тигізбейді деп ойлаймын" - дейді балуан Жадыраеав.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер