Басқа

Пирмаммад Алиев: Келесі маусымға дайындықты бастап кеттік

Пирмаммад Алиев: Келесі маусымға дайындықты бастап кеттік
news-banner7
mobile-news-top

Батуттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары Алматы облысында шеберліктерін шыңдап жатыр. Ұлттық құрама мүшесі Пираммад Алиев Olympic.kz сайтына ұзақ үзілістен кейінгі жаттығудың қалай өтіп жатқанын айтып берді.

"Өздеріңіз білетіндей, біздің маусым карантин режимімен өтіп кетті. Десе де, барлық карантин талаптарын сақтай отырып, оқу-жаттығу жиынына қатысуға мүмкіндік туындады.

Қазіргі таңда жаттығу жиыны өте жақсы әрі жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ұзақ үзілістен кейін жаттығуымызды жалғастырып отырғандықтан, көңіл күйіміз өте тамаша. Келесі маусымға дайындықты бастап кеттік. "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығында өтіп отырған бүгінгі жаттығу жиынымыз жылдың, маусымның қорытынды жиыны болып есептеледі. Алдағы жылға тыңғылықты қызу дайындалу үстіндеміз", - дейді спортшы Пираммад.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер