Басқа

Жамбыл облысында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

Жамбыл облысында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
news-banner7
mobile-news-top

Жамбыл ауданы Аса ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында салынған заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Кешеннің ашылу салатанатына арнайы қатысқан Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ауыл тұрғындарын айтулы оқиғамен арнайы құттықтады.

Аймақ басшысы ағымдағы жылы спортты дамытуға алты миллиард теңге бөлінгенін айтты. Жыл соңына дейін 11 кешен есігін айқара ашады, тағы біреуі келесі жылы пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек облыста 92 спорт алаңшасы салынуда.

«Мемлекет барлық жастағы тұрғындарды спортқа тарту үшін қолайлы жағдай жасауда. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 31 пайызы дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысады. Бұл көрсеткіш өсе түсуде. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ірі ауылдарда спорт нысандарын салу туралы тапсырма берген болатын. Жаңа сауықтыру-сауықтыру орталығы «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерді. Мұнда балалар спорттың он түрімен шұғылдана алады. Кешенде жаттыққан жастар алдағы уақытта белгілі спортшыға айналып, еліміздің абыройын асқақтататынына сенімдімін. Сіздерді жаңа кешеннің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын», - деді облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев басқа да маңызды салалардағы жетістіктерге тоқталып өтті. Ағымдағы жылы әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында Жамбыл облысын дамытуға қосымша 8 миллиард теңге қарастырылғанын ауылдық тұрғындар бәрі бірдей біле бермейді. Дегенмен, олар ауылдардағы сумен және газбен қамту, жолдарды жөндеу, әлеуметтік нысандар салу мәселелерінің жүйелі түрде шешіліп жатқанына куә болуда.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер