Күрес

Айдос Сұлтанғали: Балуандар турнирге дайын

Айдос Сұлтанғали: Балуандар турнирге дайын
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен Қазақстан құрамасы алдағы ел біріншілігіне қызу дайындық жүргізіп жатыр. Ел құрамасының мүшесі Айдос Сұлтанғали ҰОК сайтына Қазақстан чемпионатына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Жаттықтырушылардың тікелей тапсырмасын орындаумен жаттығу жиынымыз ойдағыдай өтіп жатыр. Спорттық формамызды қалпымызға келтіріп, енді ел біріншілігіне жақсы көңіл күймен бару ғана қалды. Жарысқа барлық жағынан дайынбыз деп айтуға болады. Бұл салмақтағы балуанның қай қайсысын алып қарасаңыз да, барлығы өте мықты. Бұрыннан күресіп жүрген спортшылармен қатар, жастардан ересектерге ауысып жатқан бозкілем шеберлері де қатысатын болады. Жарыс өте тартысты болып өтеді деп үміттенемін. Карантинде жарыстар ғана тоқтатылды демесек, біз жаттығуымызды тоқтатқан жоқпыз. Мүмкіндігінше залдағы, даладағы жаттығуларымызды барынша жалғастырдық. Мұның ертеңгі жарысқа қандай әсері болатынын тек дода барысында ғана білетін боламыз. Мүмкін, ұзақ үзілістен кейін жарысты сағынып күрескеннен кейін оң нәтижесін беріп қалады деп ойлаймын", - дейді Айдос Сұлтанғали.

Айта кетейік, Айдос Сұлтанғали Қазақстан чемпионатына 60 келіге дейінгі салмақта қатысады. Ал 2020 жылғы Қазақстан чемпионаты 19-26 қараша күндері Алматы қаласында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер