Ауыр атлетика

Қазақстандық ауыр атлет әлем кубогында төртінші орын алды

Қазақстандық ауыр атлет әлем кубогында төртінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық ауыр атлет Азамат Төлеген жасөспірімдер арасындағы әлем кубогінде төртінші болды.

Перудің Лима қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі өтіп жатыр. Онлайн форматында өтіп жатқан халықаралық бәсекенің екінші күнінде Қазақстан құрамасынан Азамат Төлеген қатысты.

Азамат Төлеген 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынап, қоссайыс нәтижесінде жалпы 249 (108+141) келіні бағындырды.

Айта кетерлігі, жарыстың алғашқы күнінде Абылай Әуелханов Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салған болатын.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер