Футзал

Игита: «Борат мен көретін фильм емес, тіпті көргім де келмейді»

Игита: «Борат мен көретін фильм емес, тіпті көргім де келмейді»
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан әлемнің төрт дүркін үздік қақпашысы, алматылық «Қайрат» ойыншысы, атақты Лео Игита Алматыдағы Алатау ауданына қарасты №114 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерімен және оқушыларымен онлайн кездесуге қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мектеп оқушылары әлемдік деңгейдегі жұлдызбен жүздесетіндеріне сенбеген болуы керек, бірі өлең оқып, бірі тілегін айтып, арқа-жарқа болысты. Игита өзіне қарша бораған сұрақтарға тосылмай, бәріне анық, нақты жауап беріп отырды.

Тіпті мектеп оқушыларының бірі «Лео, сіз әлемде үлкен резонанс тудырған «Борат» фильмі туралы не айтасыз» деген сұрақ қойғанда, Игита «Борат» мен көретін фильм емес, тіпті көргім де келмейді» деп жауап берді. Кездесуге қатысушылар ду қол соқты.

Футзалшы сөз соңында балаларға сәттілік тілеп, есейген сайын өмір сүрудің күрделене түсетінін, оған мойымай, адамның өзін үнемі жетілдіруі керегін айтты.

Еске сала кетелік, Леонардо де Мело Виейра Лейте немесе жай ғана Игита 2013 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнайды. Ол - 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер