Күрес

Әсет Серікбаев: Әлем кубогының қандай форматта өтеніні әзірге белгісіз

Әсет Серікбаев: Әлем кубогының қандай форматта өтеніні әзірге белгісіз
news-banner7
mobile-news-top

Күрес түрлерінен әлем чемпионаты әлем кубогы ретінде өткізілетін болды. Біріккен күрес әлемінің бұл шешімін грек-рим күресінен Қазақстан ұллық құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев ҰОК сайтына түсіндіріп берді.

– Осы уақытқа дейін әлем кубогы командалық жарыс ретінде өтетін еді. Оған әлем чемпионатында үздік ондыққа енген елдер ғана қатыстырылады. Әлемдік додаға қатысушылар саны аз болғандықтан биылғы чемпионатты UWW әлем кубогы ретінде өткізуді дұрыс тапқан сияқты. Бірақ, команда бойынша күрескенімен, ұпай сандары жеке балуандарға жазылып отырады.

Әлем чемпионаты емес, әлем кубогы өтеді деп хабарланды. Ал оның қандай форматта өтетіні нақты айтылған жоқ. Әлем біріншілігіндегідей жекелей күреседі ме, әлде жекпе-жек сияқты өтеді ме, ол жағы қазірше белгісіз, - дейді Әсет Серікбаев.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер