Басқа

2021 жылы Токиодағы спорттық нысандарда бақылау жарысы басталады

2021 жылы Токиодағы спорттық нысандарда бақылау жарысы басталады
news-banner7
mobile-news-top

Токио Олимпиадасын ұйымдастырушылар наурыз айынан бастап ойынға арналған спорттық нысандарда бақылау жарыстары басталатынын мәлімдеді.

Коронавирус індетіне байланысты 2021 жылға ауыстырылған Токио Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті бақылау жарыстарының жоспарын әзірлеуде.

«Біз Жапония үкіметі және Токио әкімшілігімен бірлесе отырып, COVID-19 індетімен күресу әдістерін талқылаудамыз. Келесі жылдың басында жұмыс одан әрі қыза түседі. Наурыздан бастап бақылау жарыстары басталады», - дейді ұйымдастыру комитетінің өкілі Хидемас Накамура.

2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін Токио Олимпиадасында спорттың 22 түрінен 539 жүлделер жиынтығы сарапқа салынады.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер