Ресми: «Қызыл-Жар» литвалық қорғаушымен қоштасты
![Ресми: «Қызыл-Жар» литвалық қорғаушымен қоштасты](https://prosports.kz/upload/news/content//202011/201736_947e3c8a69aebec9bfe4c1d8f878ca32.jpg?v=28651868)
Литвалық қорғаушы Витаутас Андрюшкявичюс «Қызыл-Жар» футбол клубынан кетеді, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы петропавлдық клубтың баспасөз қызметі ресми хабарлады.
- Келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қорғаушы Витаутас Андрюшкявичюс команда сапынан кетті, - деп жазды клубтың ресми сайты.
Айта кетейік, Витаутас «Қызыл-Жарға» биыл жыл басында ауысып келген. Содан бері 10 ойынға қатысты.