Ауыр атлетика

Ақмолалық зілтеміршілер ел чемпионатында топ жарды

Ақмолалық зілтеміршілер ел чемпионатында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Ақмола облысының төрт спортшысы онлайн режимде өткен ауыр атлетикадан ел чемпионатында жүлдегер атанды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, пандемияға байланысты жарыс онлайн форматта жастар мен балғындар арасында ұйымдастырылды. Төрешілер де қашықтықтан жұмыс істеді.

«Ақмола облысы атынан Атбасар, Степногор және Көкшетау қалаларынан зілтеміршілер өнерлерін ортаға салды. Оның ішінде 87 салмақта сынға түскен Карина Құзғынбаева 214 келі (94+120) көтеріп, чемпион атанды. Сонымен бірге, 76 келі салмақта Виктория Новикова - 174 кг (79+95), 96 келі салмақта Александр Сахнов - 250 кг (110+140) және 109 келі салмақта Сергей Палагин - 264 кг (118+146) бағындырып, «қола» жүлдеге ие болды», - дейді ведомстводан.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер