Велоспорт

Маунтинбайкшылар Түркияда екі жарысқа қатысады

Маунтинбайкшылар Түркияда екі жарысқа қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Демалыс күндері маунтинбайктен Қазақстан құрамасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында тағыс екі жарыс өтті.

7 қараша күні Prof. Dr. Cemil Taşcıoğlu MTB Cup жарысында Шәкір Адилов 14-ші орын, Денис Сергиенко 15-ші орын, Темірлан Мұхамедиянов 16-шы орындардан көрінді. Ал Егор Карасев жастар арасында екінші болды.

8 қарашада Incekum — Velo Alanya MTB Cup додасында Денис Сергиенко 11-ші, Шәкір Адилов 14-ші, Теіирлан Мұхамедианов 16-шы орынарға жайғасса, Егор Карасев жастар арасында сынға түсіп, екінші орынға иелік етті.

Естеріңізге сала кетейік, маунтинбайктен ұлттық команда Түркияға оқу-жаттығу жиындарына барған болатын. Ұлттық құрама сапында Шәкір Адилов, Денис Сергиенко, Темірлан Мұхамедянов және кіші Егор Карасев сынды төрт велошабандоз бар. 1 қазанда басталған оқу-жаттығу жиындары 15 қарашаға дейін жалғасады

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер