Басқа

Сәуле Ысқақова: Жылдамдыққа жарысатын спортшылар әлем үздіктерімен тең нәтиже тіркеді

Сәуле Ысқақова: Жылдамдыққа жарысатын спортшылар әлем үздіктерімен тең нәтиже тіркеді
news-banner7
mobile-news-top

Өткен аптада Алматыда спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан біріншілігі аяқталды. Турнирге еліміздің үздік спортшылары қатысып, біраз үзілістен кейінгі алғашқы доданы абыроймен атқарды. Осы орайда, команда бас бапкері Сәуле Ысқақова Olympic.kz сайтына сұхбат беріп, ел чемпионатын қорытындылаған болатын.

- Спорттық құзға өрмелеуден ел чемпионатының өту-өтпеуі ең соңына дейін екіұдай пікірде болды. Қуанышқа қарай, ұлттық біріншілікті өз деңгейінде ұйымдастырып, көптен бері жарыс алаңына шықпаған спортшылардың басын қостық.

Қатысушылар саны жүзден асқан жоқ. Ал федерация спортшылар мен бапкерлердің және төрешілердің ПТР сынағын өз мойнына алды. Турнирге қатысушылардың барлығы медициналық маскамен жүрді. Спортшылар тек жарыс кезінде ғана масканы шешкенін айта кету керек.

Сәт сайын скалодромда санитарлық жұмыстар жүргізіліп, барлық жерге антисептиктер қойылды. Спорт ғимаратына кірер кезде келушілердің дене қызуы тексерілді. Ал бұл жолы жарысты жанкүйерсіз өткіздік. Вирустың алдын алу үшін осындай қадамға барғанымызды ұмытпаған жөн.

Бұл турнир біздің спортшылар үшін ауадай қажет еді. Тоғыз айдан бері жарысқа қатыспаған қыз-жігіттердің де жағдай түсіну керек. Карантин кезінде үй жағдайында дайындалып, жалпы дене жаттығуымен айналыстық.

Ел чемпионатынан соң әрбір спортшы мен бапкер қай жерден қате кеткенін анық байқады. Әйелдер арасында Тамара Олжабаева топ жарды. Ол біздегі төрт бағдарламаның үшеуінде жеңіске жетіп, жылдамдыққа жарысудан ғана елордалық жас спортшы Әсел Марленоваға жол берді. Тамара нағыз жауынгер. Екі жыл бұрын ұлды болған ол спорттық бабына тез оралып, ел чемпионатында жақсы нәтиже көрсетіп жүр.

Әсел Марленова да өте талантты спортшылардың бірі. Ол өзі тұратын Нұр-Сұлтан қаласында жаттығатын скалодромның жоқтығынан Алматыдағы кішігірім жиындарға ғана қатысты. Соның өзінде жаман көрсеткіш тіркеген жоқ.

Ерлер арасындағы бәсекелестік жоғары. Жастар да, ересектер де жақсы жағынан көзге түсті. Әр бағдарламада әртүрлі жеңімпаздың шығуы осының дәлелі. Жылдамдыққа жарысудан 25 жастағы Әмір Маймұратов пен 18 жастағы Бекнұр Алтынбеков қуантты. Олар әлем үздіктерімен бірдей нәтиже көрсетті», - дейді бас бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер