Күрес

Ертең UWW биылғы әлем чемпионатына қатысты шешімді жариялайды

Ертең UWW биылғы әлем чемпионатына қатысты шешімді жариялайды
news-banner7
mobile-news-top

Біріккен күрес әлемінің (UWW) атқарушы комитеті Мәскеудегі Гран-при турнирі аясында кезекті онлайн отырысын өткізді. Күн тәртібіндегі басты мәселе – 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізу болатын, деп жазады Olympic.kz.

Жақында 12-20 желтоқсан аралығында Сербияның Белград қаласында әлем чемпионатын өткізу туралы шешім қабылданған болатын.

Ал бұған қатысты нақты мәлімет 6 қараша күні жарияланатыны айтылған.

Алайда, турнирге қатысты ресми ақпарат әлі де кешеуілдеп жатыр. Мамандар әлем чемпионатының ресми түрде өтетінін, әзірге оның ұйымдастырылу форматы дайындалып жатқанын айтады.

Әлем біріншілігіне қатысты соңғы шешім 10 қарашада жарияланады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер