Велоспорт

«Испания Вуэльтасы»: Александр Власов жалпы есепте 11-орын алды

«Испания Вуэльтасы»: Александр Власов жалпы есепте 11-орын алды
news-banner7
mobile-news-top

8 қарашада «Испания Вуэльтасы» көпкүндік веложарысының 18-кезеңі өтті, деп жазады Prosports.kz.

Веложарысқа қазақстандық «Астана» командасы қатысып жатыр.

Бұл кезеңде BORA-hansgrohe командасының шабандозы Паскаль Аккерман топ жарды. Ал «Астана» сапынан үздік нәтижені Александр Власов көрсетті. Ол мәре сызығын 29-болып кесті.

«Испания Вуэльтысы-2020» турнирін 31 жастағы словениялық спортшы Примож Роглич (Team Jumbo-Visma) жеңіп алды.

«Испания Вуэльтасы». 18-кезең.

1. Паскаль Аккерман (BORA-hansgrohe) - 3:28:13

2. Сэм Беннетт (Deceuninck-Quick Step)

3. Макс Кантер (Team Sunweb)

...29. Александр Власов («Астана»)

Жалпы есеп:

1. Примож Роглич (Team Jumbo-Visma) - 72:46:12

2. Ричард Карапас (INEOS Grenadiers) – +0:24

3. Хью Карти (EF Pro Cycling) - +1:15

...11. Александр Власов («Астана») - +9:36

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер