ҚПЛ: 18-тур ойындарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 18-тур ойындарының тікелей трансляциясы
news-banner7
mobile-news-top

8 қарашада Алматы мен Талғарда футболдан Қазақстан чемпионатының 18-туры аясында үш матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Ел чемпионы мерзімінен бұрын анықталды. «Қайрат» араға 16 жыл салып Қазақстан чемпионатында топ жарды. ҚПЛ-дегі ендігі тартыс жүлделі үштік пен жоғарғы лигадағы орнын сақтау қалу мақсатында өтеді.

Нұр-Сұлтан уақытымен 15:00-де Тимур Сегізбаев атындағы академияның алаңында «Тобыл» мен қарағандыоық «Қызыл-Жар» кездеседі. Қостанайлық команда чемпионаттың қола жүлдесіне таласып жатыр. Ал солтүстікқазақстандықтар қауіпті аймақтан алыстау үшін әр ұпай алтыннан қымбат.

Елорда уақытымен 15:00-де Талғарда «Тараз» бен қарағандылық «Шахтер» кездеседі. Бүгін жеңіске жеткен команда қауіпті аймақтан барынша алыстай түседі. Сол үшін оларға жеңіс ауадай қажет.

Ал 17:00-де «Оқжетпес» - «Жетісу» матчы өтеді. Көкшетаулық команда төменгі лигаға түсіп қалмау үшін барын салып жатыр. Демек бұл да аса тартысты ойын болмақ.

«Қызыл-Жар» - «Тобыл» және «Оқжетпес» - «Жетісу» матчтарын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал «Тараз» – «Шахтер» ойыны телеарнаның сайтында көрсетіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер