Күрес

Мәскеуде күрес түрлерінен Гран-при турнирі басталды

Мәскеуде күрес түрлерінен Гран-при турнирі басталды
news-banner7
mobile-news-top

Ресей астанасы Мәскеуде грек-рим күресінен Гран-при турнирі басталды.

Иван Ярыгинді еске алуға арналған халықаралық турнир індет басталғалы бері UWW ұйымдастырған алғашқы жарыс. Бәсекеде еркін, грек-рим күресінен бөлек, жағажай күресінің өкілдері де бақ сынауда. Жағажай күресіндегі балуандар додасы үшін спорт сарайына 70 тонна құм кіргізілген.

Турнирде тоғыз елдің балуандары бақ сынауда. Атап айтар болсақ, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Аргентина, Бахрейн, Румыния, Солтүстік Македония және Түркия спортшылары өзара мықтыны анықтайды.

Сондай-ақ, Гран-при турнирі барысында Ненад Лаловичтің қатысуымен UWW комиссиясының онлайн отырысы өтеді.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер