Басқа

Жанбота Алдабергенова: Биылғы маусымдағы ең маңызды дода әлем чемпионаты болмақ

Жанбота Алдабергенова: Биылғы маусымдағы ең маңызды дода әлем чемпионаты болмақ
news-banner7
mobile-news-top

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы Минксте оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Жанбота Алдабергенова жаңа маусымға дайындық барысын Olympic.kz сайтына айтып берді.

– 1 қазаннан бастап Минксте оқу-жаттығу жиынына қатысып жатырмыз. Жаттығу мақсаты - алдағы қысқы маусымға дайындалу. Біз жазда бірқатар оқу-жаттығу жиындарын өткізіп алдық. Жоспар бойынша судағы жаттығуымыз да жазда өтуі тиіс еді.

Қазір солардың барлығын қайталап, есімізге түсіріп, қысқы маусымға дайындықты пысықтаудамыз. Алда фристайл-акробатикадан 5-6 әлем кезеңі бар. Ал биылғы додалар ішіндегі ең маңыздысы әлем чемпионаты болмақ. Айта кетерлігі, оқу-жаттығу жиынымыз желтоқсанға дейін созылуы мүмкін, - дейді ұлттық құрама спортшысы Жанбота Алдабергенова.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер