Басқа

Аустралиялық жүзушілер 2012 жылғы Олимпиадада алған медальдарынан айырылуы мүмкін

Аустралиялық жүзушілер 2012 жылғы Олимпиадада алған медальдарынан айырылуы мүмкін
news-banner7
mobile-news-top

Жүзуден Аустралия құрамасы 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада 4х100 метрлік эстафета бойынша иеленген қола медальдарынан айырылуы мүмкін. Оған жүзуші Брентон Рикардтың допинг-тесті оң нәтиже көрсеткені себеп болып тұр.

Спортшының сегіз жыл бұрын тапсырған талдауын қайта тексеру кезінде оның тыйым салынған фуросемид несеп айдау препаратын пайдаланғаны белгілі болды. Құрамында Джеймс Магнуссен, Кристиан Шпренгер, Хайден Штокель, Мэтт Таргетт, Томмас Д'Орсоньи және Рикард бар Аустралияның ерлер құрамасы медальдарынан айырылуы мүмкін.

Эстафетада АҚШ құрамасы жеңіске жетіп, екінші орынды Жапония командасы иеленген болатын. Төртінші орынды Ұлыбритания құрамасы еншілеген.

Дүниежүзілік антидопинг агенттігі (WADA) 2015 жылы антидопинг ережелерін бұзғаны үшін жазалау мерзімін сегіз жылдан он жылға ұзартқан болатын.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер