Қысқы

Қазақстан биатлоншылары әлем кубогына қатыса ала ма

Қазақстан биатлоншылары әлем кубогына қатыса ала ма
news-banner7
mobile-news-top

Биатлоннан Қазақстан командасы қарашаның аяғында басталатын әлем кубогы кезеңдеріне қатысуға дайын. Қазіргі таңда команда мүгелері коронавирустың алдын алуға арналған ведомствоаралық комиссияның шешімін күтуде. Бұл туралы құраманың бас бапкері Мақсат Шаранов мәлімдеді деп жазады Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз елдегі оқу-жаттығу жиынынан соң Ресейдің Түмен қаласына барып, жасанды қарда дайындаламыз деп жоспарлаған едік. Алайда, ведомтсвоаралық комиссия коронавирус індетіне байланысты спортшылардың елден шығуына тыйым салған соң, бұл ойымыздан бас тарттық. 26 қараша мен 20 желтоқсан аралығында Финляндия мен Австрияда әлем кубогінің төрт кезеңі өтеді. Біздің спортшылар Еуропадағы сынға қатысу үшін тас-түйін дайын отыр. Жарысты қабылдайтын мемлекеттер де бізді күтіп алатынын жеткізді. Енді еліміздегі ведомствоаралық комиссияның рұқсатын күтіп отырмыз. Виза мәселесі де реттеліп жатыр. Жалпы алғанда, алдағы маусымда әлем кубогінің 9 кезеңі мен әлем чемпионаты өтеді. Аталған бәсекелердің қорытындысы бойынша ұпай жинақталып, 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына лицензия таратылады. Сондықтан, жолдама беретін жарыстардан сырт қалмағанымыз дұрыс деп ойлаймын», - дейді бас бапкер Мақсат Шаранов.



Айта кетелік, биылғы әлем кубогының алғашқы кезеңі Финляндияның Контолахти қаласында 28-29 қараша күндері өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер