Басқа

Түркістанда алып су спорты кешені салынады

news-banner7
mobile-news-top

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев еліміздегі ескек есу жəне желкен спорты бойынша оқу-жаттығу жиындары өтетін Бадам су-қоймасы спорт базасының жұмысымен танысып, спортшылармен кездесті.

Әмбебап оқу жаттығу базасы 130 адамға арналған. 8 гектар аумақты алып жатқан спорт базасында жасанды көл, екі спорт алаңшасы, қайықтарды қажетті температурада сақтайтын қойма мен жөндеу орындары да бар. Түркістан дербес облыс атанғанда, облыстық спорт кешені Шымкент қаласының үлесіне өткен. Қазір мұнда Түркістан облысы мен шымкенттік спортшылар жаттығуда.

Халықаралық дәрежедегі ескек есу каналы Түркістан қаласында келер жылы салынады. Елімізде теңдесі жоқ олимпиадалық су кешенінің эскиздік жобасын облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы мақұлдады. Ескек есу жəне байдарка спорты бойынша олимпиадалық стандартқа сай орталық 80 гектар алқапқа орналасады. Осылайша Қазақстанда су спорт түрлерінің дамуына ықпал етіп қана қоймай, Түркістанда жоғары деңгейдегі жарыстар өткізуге мүмкіндік туады.

Сапбординг, су шаңғысы, флайбординг, вейксерфинг, канополо, драгонбот және жағажай ойындар футболы, волейбол, гандбол, теннис, регби секілді су және жағажай спортының танымал түрлерін дамытуға септігін тигізетін спорт кешенінде кеңселер, қонақ үйлер, сауда орталықтары, кафелер, спорт және ойын алаңдары, аквапарк, балалар аттракциондары және тағы бас нысандар орналасады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер