Хоккей

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы коронавирус туралы даулы мәлімдеме жасады

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы коронавирус туралы даулы мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Чехия хоккей федерациясының баспасөз қызметі ұлттық құраманың қақпашысы Доминик Граховинаның мәлімдемесіне қатысты ресми түсініктеме берді, деп жазады Prosports.kz.

Бұған дейін хоккейші коронавирустың бұқаралық ақпарат құралдарында ойдан құрастырылғанын айтқан болатын.

«Хоккейден Чехия ұлттық командасы қақпашы Доминик Храчовинаның бүгінгі мәлімдемесімен қатыссыз екенін мәлімдейді. Біз әр адамның сөз бостандығы құқығын құрметтейміз, бірақ бұл жағдайда оның көзқарасымен түбегейлі келіспейміз. Ойыншымен көзқарасымыз мүлдем қарсы. Біз пандемия жағдайының қауіп-қатері мен ауырлығын білеміз және аурудың таралуын болдырмауға бағытталған шараларды толығымен қолдаймыз», - делінген Чехия хоккей федерациясының ресми мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, Граховина «Барыс» сапында 2018-2019 жылғы маусымда ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер